Әйелдер арасында Ангерер үздік шықты

Әйелдер арасында Ангерер үздік шықты

Жаңа ғана Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты кеште 2013 жылдың мәртебелі сыйлығының иегерлері белгілі болды. Әйелдер арасында 2013 жылдың үздік футболшысы Германия ұлттық құрамасының қақпашысы Надин Ангерер танылды.

Надин Ангерер Аустралияның "Брисбен Роар" клубында өнер көрсетеді. ФИФА-ның алғашқы "Алтын добына" ие болып отыр. Ол 2013 жылы әйелдер арасында өткен Еуропа чемпионатының ақтық сынында екі бірдей пенальти қайтарып, командасын биік тұғырдан көрсеткен болатын. 35 жастағы қақпашы Әлемнің екі дүркін (2003, 2007), Еуропаның бес дүркін (1997, 2001, 2005, 2009, 2013) жеңімпазы. 

Цюрихтегі салтанатты кеште Надин Ангерер бразилиялық Марта мен америкалық ару Эбби Вамбахты басып озды.

Сонымен қатар, «Әйелдер футболының үздік бапкері» атағын Германия әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Силвия Нейд иеленді. Оның құрамасы өткен жылы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай