Хайнкес - 2013 жылдың үздік бапкері

О Сансызбай Корреспондент
Хайнкес - 2013 жылдың үздік бапкері

Жаңа ғана Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты кеште 2013 жылдың мәртебелі сыйлығының иегерлері белгілі болды. Мюнхендік "Бавария" командасының экс-бапкері Юпп Хайнкес 2013 жылдың үздік бапкері болып танылды. Ол өткен маусымда футболшы армандаған бар атаққа командасымен қол жеткізді.

БӨЛІСУ

- Өткен жылы үлкен белестерді бағындырдым деп ойлаймын. Бұл менің жүрегімде мәңгі сақталады. Дегенмен, "Бавария" әлемдегі үздік клубтардың қатарында. Мен осы команда тізгінін ұстағаныма бақыттымын, - деді 68 жастағы футбол маманы.

Естеріңізге сала кетсек, Юпп Хайнкес 2012/2013 жылғы маусымнан кейін зейнақыға кеткен болатын. Ол 2013 жылы бундеслига мен неміс Кубогын, Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: getty images