Ибрагимовичтің голы үздік болып танылды (видео)

Ибрагимовичтің голы үздік болып танылды (видео)

2013 жылғы ең ғажап соғылған голға берілетін Ференц Пушкаш сыйлығын Швеция және "ПСЖ" командасының футболшысы Златан Ибрагимович иеленді. Оның ағылшын құрамасының қақпасына соққан голы жанкүйер есінде сақталып жүргені анық.

32 жастағы шабуылшының 2014 жылғы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына жолы түспеді. Кейіннен "бұл Әлем чемпионаты ғажайып голдарсыз, қызықсыз өтеді" деп қысқа қайырды. Расында да Ибрагимовичтің голдары жанкүйер тамсанарлықтай. Жойқын соққысын кез келген қақпашы қайтара бермейді. Осы маусымның өзінде тағы да келер жылы Пушкаш сыйлығын иеленерліктей бірнеше гол оғып үлгерді. 

Бүгінгі жүлдеден кейін Златан Ибрагимович: "Мен осындай сыйлық алғаныма өте қуаныштымын. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын. Жігіттер, сендер - үздіксіңдер. Маған дауыс бергендерге өз алғысымды білдіремін" - деді. 

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылғы Ференц Пушкаш сыйлығына Златанмен қатар, Неманья Матич ("Бенфика") пен Неймардың ("Барселона") голдары сарапқа салынған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай