Сочиге Қазақстаннан 300-ге тарта ресми делегация баратын болды

Сочиге Қазақстаннан 300-ге тарта ресми делегация баратын болды

Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан ресми делегация ретінде 300 адам жіберілетін болды. Бұл туралы ҚР Спорт және дене тәрбиесі агенттігі төрағасының орынбасары Ельсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ельсияр Қанағатов: «Ресми делегация 260-300 адамды құрайды. Алдымен бірінші топ болып 150 адам жіберіледі, артынан қалғандары барады», - дейді. Қанағатовтың айтуы бойынша, делегацияға Олимпиада кезінде спортшыларға жақсы көмектесе алатын адамдар іріктелген. «Кез келген делегация мүшесі ұлттық құраманың пайдасы үшін лайықты таңдалды. Делегация құрамының 50%-ы бапкер, дәрігер, психолог, т.б. көмек көрсетуші қызметкерлерді құрайды. Біз осылайша Олимпиада ойындарына аздаған қазақстандық делегацияны жіберуді ұйғардық» , - дейді Ельсияр Қанағатов.  

Делегация құрамында Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымыздан бөлек, 40-қа тарта журналист, спортшылардың ата-аналары, жас спортшылар, баспасөз орталықтарының ұйымдастырушылары, отандық спортқа еңбегі сіңген спорт ардагерлері, т.б. бар. 

Сочиде жалауын көтеретін қысқы Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 6-23 ақпан аралығында өтеді. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sports.kz

Ш. Талап