Зарина Диас алғаш рет «Үлкен дулығаның» негізгі кезеңінде бақ сынайды

Шерхан Талап Корреспондент
Зарина Диас алғаш рет «Үлкен дулығаның» негізгі кезеңінде бақ сынайды

Қазірдің өзінде Заринаның алғашқы айналымдағы қарсыласы белгілі болып отыр. Жерелесіміз бірінші айналымда чехиялық Катерина Синяковамен бақ сынасады.

БӨЛІСУ

Синякова да Зарина секілді іріктеу кезеңінің жеңімпазы. 18 жастағы чехиялық теннисші WTA рейтингінде 172-орынды еншілесе, қазақстандық теннисші 163-орынды тұр. Бұл айқастың жеңімпазы Сорана Кырстя (Румыния) - Марина Эракович (Жаңа Зеландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сонымен қатар қазақстандық бірінші ракетка Галина Воскобоеваның да қарсыласы анықталды. Жерлесіміз жеребе бойынша іріктеу кезеңі жеңімпаздарының біріне қарсылас атанды. Ол екінші айналымға өту жолында румыниялық Ирина-Камелия Бегумен сынға түсетін болды. Ал егер одан да басым түссе не испаниялық Карла Суарес-Наварромен, не америкалық Ваней Кингпен кездесу өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас Australian Open турнирінің іріктеу кезеңінің финалында WTA рейтингінде 213-орында тұрған канадалық Стефани Дюбуамен жолыққан еді. Бірінші сет екі теннисші үшін де оңайға соқпады. Тартысты ойын 7:5 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Екінші сетте де 6:3 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Зарина осылайша негізгі кезеңге жолдама алды.

Болашағынан үлкен үміт күттірер қазақстандық теннисші Зарина Диас Australian Open «Үлкен дулыға» сериясының негізгі кезеңіне алғаш рет шығып отыр. Бірінші айналым кездесулері 13 қаңтарда басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vesti.kz