Жүлденің ауылы алыстады

О Сансызбай Корреспондент
Жүлденің ауылы алыстады

«Africa Eco Race-2014» ралли-марафонының Мавритания жеріндегі соңғы кезеңі де аяқталды. Қазақстандық қос экипаж мәре сызығын 23 және 24-ші болып кесті. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Қазақстандық «Mobilex Racing Team» командасының экипаждары Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов және Қанат Шагиров пен Александр Мороз жұптары 494 шақырым жолды 4 сағат 17 минут 37 секундта басып өтті. Жерлестеріміздің арасын 3 минут 1 секунд бөлді.

Х кезеңнің жеңімпазы болып француздық экипаж Жан-Луи Шлессер мен Тьер Магнальди жұбы танылды. Олар жалпы қорытынды есепте екінші келе жатқан бельгиялық Жак Луманс пен Фриц Дрисманстан 1 сағат 42 минут 14 секунд озып шықты. Ал қазақстандық Шагиров пен Мороз экипажы 13-ші, Сазонов пен Сахимов жұбы 16-шы сатыдан көрініп отыр.

Айта кетейік, «Africa Eco Race-2014» – атақты классикалық Дакар жолымен өтетін халықаралық ралли-марафон саналады. Биылғы жылы жарыс үш мемлекеттің (Марокко, Мавритания және Сенегал) аумағын басып өтеді. Ралли 2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияның Сен-Сиприенінде жалауын көтерген болатын. Ал жарыс бүгін Дакардағы Қызғылт көл маңайында мәреге жетеді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz