Жансая Әбдімәлік Карповты төрт партияның бірінде жеңіп кетті

Жансая Әбдімәлік Карповты төрт партияның бірінде жеңіп кетті

Жаңа ғана Алматы қаласында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы ашылып, ашылу салтанатында Жансая мен аты аңызға айналған Андрей Карпов кездесу өткізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Жансая мен Карпов арасындағы ойын төрт партияға созылды. Екі партия атақты шахматшының пайдасына шешілсе, бір партия тең болып, бір партия Жансаяның жеңісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, Анатолий Карпов шахматтан 12 мәрте әлем чемпионы атанған. 1970 жылы халықаралық  гроссмейстер атағын иеленген, КСРО спорт шебері. 1975, 1978, 1981 жылдары шахматтан ерлер арасында үш дүркін чемпион атанған. Ол Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) үш дүркін жеңімпазы (1993, 1996, 1998), КСРО құрамасы сапында екі дүркін әлем чемпионы (1985, 1989), үш дүркін КСРО чемпионы (1976, 1983, 1988) атақтарын жеңіп алған.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: twitter.com

Ш. Талап