«Astana Arlans» vs «Poland Hussars»

«Astana Arlans» vs «Poland Hussars»

Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» бесінші кездесуін польшалық «Poland Hussars» клубымен өткізеді. Өткен жылы төрт кездесу өткізген жерлестеріміз үшеуінде жеңіске жеткен болатын.

Соңғы кездесуде «Арландар» «Куба қабыландарынан» Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде жеңіліс тапқан еді. Әзірге топта осы «Бостандық аралының» өкілдерінен кейін екінші орында тұр. Ал бүгінгі сырт алаңдағы польшалық қарсылас клуб 4 кездесуде де жеңіліс тапқан. Осыған дейін белгілі болған құрамда өзгерістер орын алды. Алаң рингі иелерінің капитаны Томаш Яблонскиге қарсы Сергей Деревянченконың орнына Ерік Әлжанов шығатын болды. Алғашқы жекпе-жектер Астана уақытымен сағат түнгі 01:35-те басталады. Кездесулерді «KazSport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Жекпе-жекке шығатындар құрамы төмендегідей:


-49 келі: Давид Себастьян Ягодзиньский - Мардан Берікбаев


56 келі: Марек Петрущук - Мейірболат Тоитов


64 келі: Дамиан Кивиора - Асхат Уалиханов


75 келі: Томаш Яблонски - Ерік Әлжанов


-91 келі: Лукаш Зигмунт - Василий Левит

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай