Кот-Д'Ивуар мен ағылшындық «Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Яя Туре үшінші жыл қатарынан Африка футбол қауымдастығы жүйесі бойынша үздік футболшы болып танылып отыр.
30 жастағы футболшы дауыс беру нәтижесі қорытындысы бойынша жерлесі Дидье Дрогбаны, «Челси» командасының нигериялық ойыншысы Джон Оба Микелді артта қалдырды. Ол 2013 жылы манчестерлік командамен бірге ағылшын премьер-лигасының күміс жүлдесіне қол жеткізсе, ұлттық құрамасының Бразилияға барар жолында аянбай тер төкті.
Айта кетейік, осыған дейін Яя Туре британдық ВВС медиакорпорациясының нұсқасы бойынша 2013 жылдағы Африканың үздік футболшысы болып танылған болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: eurosport.ru
Яя Туре өз позициясында ең мықты ойыншылардың бірі саналады. Кешегі күні Англия кубогінде Негредоға берген пасын көрсеңіз, еріксіз қол соғар едіңіз... Бір қарағанда бұл жігіт ебедейсіз болып көрінеді. Кезінде "Барсаның" бүкіл қара жұмысын атқарушы еді
Яя Туре Манчестер Сити сапында әр матчта тамаша пастарымен көзге түсте блді, шабуылдыда өзі бастап береді,
Ия, ия, ЯЯ мықты
Үздік екенін білмеппін
неге ЯЯға бере береді басқаларда лайыкты :idea: