Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Беранек бапкерліктен босатылды

Беранек бапкерліктен босатылды

Беранек бапкерліктен босатылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерсіз қалды. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми сайты хабарлап отыр.

2013 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранекпен ҚФФ арасындағы келісімшарт аяқталған болатын. ҚФФ сайтының хабарлауынша Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне жақын күндері жаңа маман тағайындалады.

Мирослав Беранек өз кезегінде: «Менің Қазақстан футбол федерациясымен байланысым соңына жетті. Қазақстан ұлттық құрамасына бапкерлікке шақырту алғанда өзім үшін жаңа, қызықты мүмкіндік берілгендей қабылдадым, әрі бұл таңдауыма өкінбеймін. Сіздің елде жұмыс жасау кезінде жағдай түрліше болды, бірақ біз әрқашан бір команда болып қала білдік. Және мен өз шәкірттерімнің мықты бола түскеніне сенімдімін. Мен өз қызметіме бар күш-жігерімді салуға тырыстым, бірақ көп ойындарда мүмкіндігіміздің жоғарғы сатысына көтеріле алмадық. Біз әрқашан жүрекпен ойнауға тырыстық. Енді мен өз қызметімді қай жерге барып жалғастырсам да, Қазақстан жайлы жылы еске алатын болымын. Мен Қазақстаннан жаңа достар таптым, сондықтан бұл елде жанымның бір бөлшегін қалдырып барамын десем де болады», - деді.

ҚФФ-ның бірінші вице-президенті Саян Хамитжанов: «Біз Мирославтың Ұлттық құрамадағы жұмысы үшін алғыс білдіреміз. 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің қорытындысын назарға алатын болсам, ол Қазақстан құрамасы өз тобындағы мықты қарсыластарының ішінен бесінші орын алуы керек деген арнайы тапсырманы орындады. Өткен жылы тәуелсіздігімізді алғалы алғаш рет Молдавия, Грузия секілді мықты құрамалардан басым түстік. Беранек Ұлттық құраманы еуропалық үлгідегі жылдам, шымыр, командалық ойын өрнегін көрсете алатын құрама ретінде жасақтай алды деп ойлаймын. Елімізде соңғы үш жыл бойы футболға деген қызығушылық артып келеді. 2013 жылдың соңында Мирославпен жасаған келісімшартымыз аяғына жетті. Енді Ұлттық құрамаға жаңа белеске көтерілу үшін жаңа маман қажет», - деп мәлімдеді.

Кеше яғни, 9 желтоқсан күні Қазақстан футбол федерациясы басшылығы чехиялық маманға шапан жауап шығарып салды.

Естеріңізге сала кетсек, Мирослав Беранек Ұлттық құрамаға 2011 жылы бас бапкер болып келген еді. Беранек жетекшілігіндегі Ұлттық құрама 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде өз тобының ең соңғы орнын еншіледі. Ал 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде өз тобындағы бесінші сатыны қанағат тұтты.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 09 қаңтар 2014, 19:48
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2014, 09:13

Ооо, мынау мен үшін супержаңалық болды ғо... Тфә-тфә өзімен кетсін!

+0
10 қаңтар 2014, 11:05

Қазақ жұрты қуаныңдар, Беранек тақтан кетті :cry:

+0
10 қаңтар 2014, 11:45

Жақсы жаңалық,енді кім келеді екен

+0
10 қаңтар 2014, 12:01

жұдырық үстіне жұдырық болып, тағы бір біліксізді шақырмайықшы.

+0
10 қаңтар 2014, 19:46

я дурыс айтасын супер пиппо

+0
10 қаңтар 2014, 19:47

Құрбан Бердеыв келсе ұлтық құрамамызға

+0
11 қаңтар 2014, 14:44

Расында кім келеді екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.