Хаби Алонсо "Реалмен" келісімге отырды

Хаби Алонсо "Реалмен" келісімге отырды

Мадридтік «Реал» Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хаби Алонсомен келісімшарт жасасқанын ресми мәлім етті. 

Отыз екі жастағы испандық пен "корольдік клуб" арасындағы келісім 2016 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Ресми жиын барысында клуб президенті Флорентино Перес Алонсоға «2016» жазуы түскен жейде мен арнайы сыйлықты тапсырды.

Алонсо 2009 жылы «Ливерпульден» «Реалға» ауысып барған болатын. "Корольдік клуб" сапында ол 204 ойынға қатысып, 6 гол соққан.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: realmadrid.com

Л. Лига