Сегізінші кезең сәтсіз өтті

О Сансызбай Корреспондент
Сегізінші кезең сәтсіз өтті

Мавритания жеріне жеткен «Africa Eco Race-2014» ралли-марафонының сегізінші кезеңі аяқталды. Бұл сында ел экипаждары сәтсіздікке ұшырады. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Сегізінші кезең қорытындысы бойынша бірінші болып француз экипажы Жан-Антуана Сабатье мен Дениса Розанд жұбы келді. Олар барлығы 421 шақырым жолды 5 сағат 21 минут 22 секундта басып өтті. Ал қазақстандық «Mobilex Racing Team» командасы экипаждарының екі автокөлігі де кезеңді соңына дейін аяқтай алмады. Екі автокөліктің де бәсеңдеткіші (редуктор) істен шығып, экипаждар сәтсіздікке ұшырады.

Бүгін ралли-марафонның тоғызыншы кезеңі бастау алады. Жол талғамайтын көліктер үшін 309 шақырым, ауыр жүк көліктері үшін 289 шақырым қашықтықты құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық «Africa Eco Race-2014» ралли-марафоны 31 желтоқсан күні басталған болатын. Африканың Марокко, Мавритания және Сенегал елдерін басып өтетін дода 11 кезеңнен тұрады. 11 қаңтар күні Дакар қаласында мәресіне жетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz