Уолкотт әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

Уолкотт әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

«Зеңбірекшілер» қатарындағы белді ойыншыларлың бірі Тео Уолкотт Англия Кубогының   1/32 финалы аясында «Тоттенхэмге» қарсы өткен ойында сол жақ тізесінен жарақат алып қалды. Жарақатының күрделілігі соншалықты, осының салдарынан футболшы Бразилия жерінде жаз айында болатын әлем чемпионатына да қатыса алмайтыны белгілі болып отыр.

24 жасар ойыншы алаңға тек араға алты ай уақыт салып оралады деген болжам бар. Сондықтан, ағылшын баспасөздерінің хабарлауы бойынша Венгерге қазіргі трансферлік кезеңді оңтайлы пайдаланып, Уолкоттың орнына лайықты ойыншы сатып алуы тиіс.   

Айта кетейік, қазірдің өзінде Арсен Венгер мадридтік «Атлетико» клубынан Диего Костаға, «Портулық» Джексон Мартинеске, «Бавариядан» Марио Манджукичке және «Реалдан» Карим Бенземаға көз құда түскелі отыр. Аталған футболшылардың қайсысын «Эмирейтсте» көре алатынымызды бапкерлер құрамы жақын аралықта шешіп қалар.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.ru

 

Б. Қосмағамбет