Ширмялис жастар құрамасының тізімін жариялады

О Сансызбай Корреспондент
Ширмялис жастар құрамасының тізімін жариялады

Футболдан «Достастық Кубогына» қатысатын футболшыларды іріктеу алдындағы Қазақстан жастар құрамасының (U-21) тізімі белгілі болды. Команда литвалық маман Саулюс Ширмялис басшылығындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысады.

БӨЛІСУ

Қазақстан жастар құрамасына төмендегі футболшылар шақырылды:

Қақпашылар: Станислав Павлов («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Шахтер» Қарағанды), Андрей Андреев («Іле - Сәулет»), Тимурбек Закиров («Бәйтерек» Астана);
Қорғаушылар: Кирилл Пасичник («Атырау»), Максим Грек («Ордабасы» Шымкент), Григорий Сартаков («Атырау»), Рафкат Аслан («Бәйтерек» Астана), Дмитрий Шмидт («Восток», Өскемен), Сергей Кейлер («Қайрат» Алматы), Тимур Рудосельский («Қайрат» Алматы), Нұржарық Кунов («Қайрат» Алматы);
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бауыржан Исламхан («Кубань» Краснодар, Ресей), Алтынбек Даулетханов («Ертіс» Павлодар), Дидар Сыдықбек («Қайсар» Қызылорда), Ринат Хайруллин («Астана»), Қасымхан Таласбаев («Қайрат» Алматы), Досым Оқасов («Қайрат» Алматы), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Павлодар);
Шабуылшылар: Станислав Лунин («Шахтер», Қарағанды), Тоқтар Жанқылышбай («Шахтер», Қарағанды), Виталий Ли («Шахтер», қарағанды), Роман Муртазаев («Шахтер», Қарағанды), Максим Фильчаков («Ордабасы» Шымкент).

Оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан жастар құрамасы 3 жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы кездесу 14 қаңтар күні украиналық «Говерла» клубының жастарымен өтеді.

Түркия жеріндегі жаттығу жұмыстарынан кейін литвалық бас бапкер Саулюс Ширмялис Санкт-Петербургте өтетін «Достастық Кубогында» бақ сынайтын футболшылардың негізгі құрамын анықтайтын болады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz