«Бенфика» Эйсебионы жейдесіне бейнелейді

«Бенфика» Эйсебионы жейдесіне бейнелейді

Португалдық «Бенфика» футбол клубы жаңа маусымда жақында дүниеден озған әйгілі футболшы Эйсебионың суреті бейнеленген жейдемен өнер көрсететін болды. Бұл туралы команданың президенті Луис Филипе Виейра мәлімдеп отыр.

Сонымен қатар, клуб президенті лиссабондық команданың жергілікті алаңы «Эштадиу да Луштың» да атын өзгертіп, португал футболы аңызының есімін беруді қарастыратынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтар күні жанкүйерлері «Қара Пантера» деп атап кеткен футболшы 72 жасқа қараған шағында дүниеден озған еді. Ал «Бенфика» сапында 15 маусым аянбай тер төккен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kapital.kz 

Ө. Сансызбай