2013 жылдың үздік төрешілері белгілі болды

2013 жылдың үздік төрешілері белгілі болды

Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы 2013 жылдың он үздік төрешісінің тізімін жариялады. 

Ұйымның ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, бірінші орынды ағылшындық төреші Ховард Уэбб иеленген. Ол жалпы 102 ұпай жинай алған. Ал екінші орында 82 ұпаймен италиялық маман Никола Риццоли. Өз кезегінде үздік үштікті аяқтап тұрған – венгриялық төреші Виктор Кашшаи. Оның қоржынында 53 ұпай бар.

Ал 2013 жылдың үздік он төрешісі рейтингі мынадай тәртіппен орналасқан:

1. Ховард Уэбб /Англия/ — 102

2. Никола Риццоли /Италия/ — 82

3. Виктор Кашшаи /Венгрия/ — 53

4. Феликс Брих /Германия/ — 42

5. Джюнейт Чакир /Түркия/ — 40

6. Бьорн Куйперс /Голландия/ — 38

7. Педру Проэнса /Португалия/ — 35

8. Равшан Ирматов /Өзбекстан/ — 29

9. Карлос Веласко Карбальо /Испания/ — 22

10. Джанлука Рокки /Италия/ — 17.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: theguardian.com

Ж. FM