Казарян «Айнтрахттағы» алғашқы жаттығуын өткізді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Казарян «Айнтрахттағы» алғашқы жаттығуын өткізді (видео)

Қарағандылық «Шахтер» мен Армения ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Геворг Казарян брауншвейгтік «Айнтрахт» командасының сапында алғашқы жаттығуына қатысты. Осыған дейін аталған команданың медициналық тексеруінен өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

БӨЛІСУ

Алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін футболшының өнеріне клуб басшылығының көңілі толып отырған көрінеді. Braunschweigheute.de порталының хабарлауынша, Геворг Казарян Торстен Либеркнехт командасының қыстағы трансфер кезеңіндегі қатарларына қосуға көздеген басты ойыншыларының бірі болған. Команда мен футболшы арасындағы ресми келісімшарт алдағы уақытта мәлім болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Геворг Казарян қарағандылық команда қатарында өткен маусымда өзін жаңа қырынан таныта білген футболшылардың бірі. Еуропа Лигасында да «кеншілер» ұжымын алға сүйреді. Ал брауншвейгтік «Айнтрахттың» қазіргі таңдағы нәтижесі төменгі көрсеткіште. Сондықтан да клуб бундеслигадан шығып қалмаудың жолын қарастырып отырғаны анық.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: braunschweigheute.de