Хонда Миланға келді

О Сансызбай Корреспондент
Хонда Миланға келді

Мәскеулік «ЦСКА» командасында 3 маусым тер төккен жапон жартылай қорғаушысы Кейсуке Хонда «Милан» командасына ресми түрде ауысты. Ол осыған дейін өзін осы клубта ойнауын арман көріп келген екен. Милан әуежайында футболшыны жүздеген фотографтар мен жанкүйерлер күтіп алды.

БӨЛІСУ


- Мен осында келгеніме өте қуаныштымын. «Миланның» қазіргі жағдайын білемін. Сондықтан да командаластарыммен жақсы тіл табысып, команданы алға сүйреуге бар күшімді салатын боламын. Менен көп үміт күтіп отырғаны анық. Сол үмітті ақтауым керек – деді Хонда.

«Милан» командасы басшылығы мәліметінше, Кейсуке Хонданың жейдесі сатылымға шығып, 1000-нан астамы өз жанкүйерлерін тауып та үлгеріпті. Команда мен футболшы 2017 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды. Жартылай қорғаушы клубта 10-шы нөмірмен өнер көрсетеді. Алғашқы кездесуін ертең Италия чемпионатының 18-ші туры аясында «Аталантаға» қарсы өткізуі де мүмкін.  

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін дортмундтық «Боруссияның» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски мюнхендік «Бавариямен» 5 жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Алдағы жаздан бастап футболшы Хосеп Гвардиола командасының қатарын толықтырады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: goal.net.ua