Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

О Сансызбай Корреспондент
Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

Премьер-лигадағы соңғы ауыс-түйістерден хабардар болыңыздар...

БӨЛІСУ

Қарағандылық «Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Геворг Казарян немістің «Айнтрахт Брауншвейг» командасына ауысуы мүмкін. Ертең 25 жастағы армян футболшысы клубтың медициналық тексеруінен өтпек. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «кеншілер» ұжымының негізгі құрамында ойнаған футболшы жақында донецкілік «Металлургке» жалға берілді деген ақпарат тараған болатын.

Сенегалдық қорғаушы Мохаммед Сарр шымкенттік «Ордабасы» командасының қатарын толықтыруы мүмкін. Қазіргі таңда футболшының агенті клуб басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Ол осыған дейін Еуропаның азулы «Милан», «Галатасарай» және «Аталанта» командаларында ойнаған. Сонымен қатар, бельгиялық «Стандарт» пен «Генк», испандық «Эркулес» клубтарында да тер төккен. Соңғы клубы грекиялық «ОФИ» командасында да бірнеше голымен көзге түскен екен. 30 жастағы футболшы ұлттық құрамасында да 13 кездесу өткізіпті.

Сонымен қатар:

  • Қостанайлық «Тобыл» командасының қорғаушысы Ермек Қуантаев командадан кетті. Команда сапында 99 кездесу өткізіп, 4 рет қарсылас қақпасын дәл көздепті. Соңғы деректер бойынша, алматылық "Қайратта" ойнауы мүмкін.
  • Жақында Виктор Кумыков Аслан Дарабаевтың командадан кетуіне байланысты, «ол өзінің туған клубын тастап кетті» деген болатын. Ал соңғы сұхбатында жартылай қорғаушы «Шахтердан» ауызбіршілікпен кеткенін мәлімдеді.
  • Қарағандылық «Шахтер» 23 қаңтар күні Украинаның «Карпаты» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.
  • Владимир Никитенко екатеринбургтік «Урал» командасының жартылай қорғаушысы Владимир Команға қызығушылық танытуда. Жақын арада «Ақтөбе» мен футболшы арасында келісімшарт орнауы әбден ықтимал.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vk.com