Футбол базары басталды

О Сансызбай Корреспондент
Футбол базары басталды

Бүгін футболда трансфер терезесі ашылды. Алғашқы күннен бастап футбол клубтары жаңа ойыншымен толыға бастады.

БӨЛІСУ


Лондондық «Челси» командасы Буркино-Фасо құрамасының 18 жастағы ойыншысы Бертран Траоремен 4,5 жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Траоре 16 жасында Буркина-Фасо ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. Осы жазда жас футболшы «Челсидің» Азиядағы оқу-жаттығуында бапкерлер көңілінен шыққан еді.

 

Краснодарлық «Кубань» шабуылшысы Джибриль Сиссе француздың «Бастия» командасының сапын толықтырды. 32 жастағы футболшы бүгін клубтың медциналық тексерісінен өтеді.

Ресейлік «Кубань» сапында өнер көрсеткен Сиссе 25 кездесу өткізіп, 5 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ол осыған дейін «Осер», «Ливерпуль», «Марсель», «Сандерленд», «Панатинаикос», «Лацио» және «КПР» командаларында ойнаған. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru