Полторанин жеңіс тұғырынан көрінді

Полторанин жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Швейцарияның Ленцерзайде қаласында өтіп жатқан «Тур де Ски» додасында топ жарды.

Полтаранин 15 шақырым спринтте 34 минут 28 секунд уақыт көрсеткішімен қарсыластарын басып озды. Күміс жерлесімізден 0,6 секундқа кешіккен неміс Ханнес Доцлерге бұйырса, қола жүлдені ресейлік Станислав Волженцев иеленді. Алексей өзінің бұл жеңісіне көңілі толатынын жеткізді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай