«Africa Eco Race-2014» екінші кезеңі аяқталды

О Сансызбай Корреспондент
«Africa Eco Race-2014» екінші кезеңі аяқталды

«Africa Eco Race-2014» ралли-рейдінің жол талғамайтын Т-1 жүйесі қорытындысы бойынша Қанат Шагиров пен Александр Мороз экипажы мәрені сегізінші болып кесті.

БӨЛІСУ

Доданың екінші айналымында экипаждар Марокконың 431 шақырым жолын артта қалдырды. Бұл алғашқы айналыммен салыстырғанда 350 шақырымға ұзақ. Бұл кезеңде Жан-Луи Шлессер мен Тьери Магнальди экипажы бірінші болып келді. Олар толық жолды 5 сағат, 10 минут 5 секундта бағындырды. Ал екінші жарысқа қатысушылар қазақстандық Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов мәрені 12-ші болып кесті. Жалпы екі айналым қорытындысы бойынша, Қанат Шагиров пен Александр Мороз жұбы 8-ші орында, Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов 11-ші сатыда келеді.

Естеріңізге сала кетсек, 31 желтоқсан күні басталған «Africa Eco Race-2014» ралли-рейді 11 кезеңнен тұрады. Жарысқа қатысушы экипаждар жалпы ұзақтығы 2992 шақырымды құрайтын жол арқылы  Африканың Марокко, Мавритания және Сенегал елдерін басып өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz