Алғашқы айналымды алтымен аяқтадық

Алғашқы айналымды алтымен аяқтадық

Кеше Мароккода жалауын көтерген «Africa Eco Race-2014» ралли-рейдінің алғашқы айналым қорытындысы бойынша Қанат Шагиров пен Александр Мороз экипажы алтыншы орынға тұрақтады.

«Mobilex Racing Team» алтыншы орынды көрсетіп, 86 шақырым аймақты 1 сағат 11 минутта басып өтті. Ал екінші жарысқа қатысушыларымыз Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов алғашқы айналымды 13 пен 38-ші орындар арасын еленді. Айналым жеңімпазынан 8 минут кешігіп жетті.

Алғашқы айналым жеңімпазы болып француз Жан-Антуан Сабатье мен Денис Розандо танылды. Олардың көрсеткіші 1 сағат 8 минут, 38 секундты құрады.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық экипаждар жарысқа Т1 санатында Hummer автокөлігімен сынға түсуде. Жол талғамайтын автокөліктер арасында жерлестеріміз 206 және 208 нөмірлерін иеленген. 11 кезеңнен тұратын жарыстың жалпы ұзақтығы 2992 шақырымды құрайды. Африканың Марокко, Мавритания және Сенегал елдерін басып өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай