Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Футбол ережесіне өзгеріс керек пе?

Футбол ережесіне өзгеріс керек пе?

Футбол ережесіне өзгеріс керек пе?

Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі саналатын футболдың жанкүйерлері көп-ақ. Ала допты ұршықша иіретін футболшылардың бүгінде атағы жер жарып-ақ тұр. Ол сондай даңқты футболшылардың бағын ашқан бапкерлердің еңбегі де ерен. Ал сол бапкерлер кейде жасыл алаңдағы ойын ережелерінің кей тұстарына өзгертулер енгізгенді қалайды екен. Олардың қатарында мюнхендік «Бавария» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола, «Ювентус» тізгінін ұстап отырған Антонио Конте және Фабио Капелло (Ресей) бар.


Немістің «Жеңілмейтін Армадасына» айналып келе жатқан «Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола футболдағы ойыншылардың алмасуын арттыруды қалайды. «Бапкер ретінде қалайтыным, ойыншылардың алмасулар санын өсіру керек. Бұл менің командамды басқарудың тиімді тәсілі бола алады. Сонымен қатар, ойыншыларды жиі ауыстыру оларға да пайдалы болмақ. Футболшылар тез қажып, шаршамайтын болады. Сол арқылы ойын жүйеңді кез келген сәтте өзгертуге болатын еді», - деп қарайды.  Ал Антонио Конте мен Фабио Капелло ше?


Бұл екі футбол маманы жасыл алаңдағы тартысқа тайм-аут ережесін енгізгісі келеді. Мұны енгізу футболшылар мен бапкерлерге, және қаржылай серіктестеріне де пайдалы деп қарауда. Туриндік команданың бас бапкері: «Футболға тайм-аут қажет. Алаң жиегінде тұрып ойыншыларға нұсқау беру қиын», - дейді. Ал Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Капелло: «Тайм-аут футболшылардың сергіп алуына үлкен септігін тигізеді, және клубқа да пайдалы болмақ», деп қарайды.

Тайм ортасындағы аз ғана үзіліс ауа-райының аптапты кездерінде болғаны дұрыс. Осыған орай халықаралық кәсіпқой футболшылар қауымдастығы (FIFPro) мен Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатында үзіліс болуын атап өтті. Өйткені Форталеза мен Ресифеде өтетін күндізгі кездесулерде ауа-райы 30 градус ыстық болуы мүмкін.

АҚШ-та тайм-аут ережесі негізгі спорттың бірнеше түрлерінде қарастырылған. Америка футболы, бейсбол және баскетболда мұның болуы үлкен көмегін тигізіп келеді. Футболшылардың жүйкелерінің сыр беруіне де жол бермейді. Мұның барлығы футбол мамандарының ойы ғана. Ал сіз қалай қарайсыз? Футболға жоғарыда аталған ережелер мен толықтыруларды енгізген дұрыс па?

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:dush7.karelia.ru 

1898 7
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 31 желтоқсан 2013, 07:22
Пікірлер
+0
31 желтоқсан 2013, 10:10

Тайм аутты қолдамаймын. Тайм-аут, 15 минуттық ойындарда тез арада белгілі бір әрекеттер қабылдау үшін керек, ал футболда 45 минут, оны енгізсе ойынның динамикасы өзгеріп кетеді. Ал 4-ші ойын алмастыру керек-ақ, бірақ тек қақпашы жарақат алып қалған жағдайда. Көп бапкерлер үшінші алмасуды на всяуий случай деп ұзақ сақтайды. Яғни алаңда 3 ойыншысын смело ауыстыра береді, одан көп болса болмайды, товарищеский матч сияқты болып кетеді ойын

+0
31 желтоқсан 2013, 10:45

Өте дұрыс айтасыз, тайм-ауттың қажеті қанша! Ал ойыншы алмасу туралы өте орынды пікір!

+0
31 желтоқсан 2013, 10:52

Иа Тауеке дұрыс айтасыз 4-ші ойыншыға ғана рұқсат беру керек, әйтпесе одан көп ойыншы ауыстыратын болса товарищеский матчқа ұқсап кетеді

+0
31 желтоқсан 2013, 14:29

мүмкін жолдастық матчқа ұқсап кетер :D

+0
31 желтоқсан 2013, 11:21

менің ойымша футболға ешқандай өзгеріс керек емес онсызда қызық футбол :) :) :)

+0
31 желтоқсан 2013, 14:16

kazakstan uwin ozgertu kerek siakty sebebi... :idea: :x

+0
01 қаңтар 2014, 00:55

Еш қандай өзгерістің қажеті жоқ!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...