Сколари "Барселонаны" баптауы мүмкін

Сколари "Барселонаны" баптауы мүмкін

Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари 2014 жылы Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін каталондық «Барселонаны» жаттықтырады деген ақпарат тарауда...

Испандық команданың президенті Сандро Росель жазда бразилиялық маманды шақыруды жөн санап отырған көрінеді. Ал осыған дейін қазіргі бапкер Херардо Мартиноның осы маусым аяқталғаннан кейін командадан кететіні туралы ақпарат тараған болатын. Аргентиналық маманды бұқаралық ақпарат құралдарының қысымы мен команда ойынын Пеп Гвардиола баптайтын «Бавариямен» салыстырулар қажытқаны туралы мәлім болған-ды.

Естеріңізге сала кетсек, Луис Фелипе Сколари 2014 жылы өз елінде өтетін «мундиальда» Бразилия құрамасының тізгінін ұстап шығады. Қазіргі таңда футболшылардың ойынын саралап, талдап жүрген бапкерлердің қатарында.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Ө. Сансызбай