Клинт Демпси Фулхэмге қайта оралды

Шерхан Талап Корреспондент
Клинт Демпси Фулхэмге қайта оралды

Екі ай мерзімінде жалға беріліп MLS-тің "Сиэтл Саундерс" командасында ойнап жүрген жартылай қорғаушы Клинт Демпси Фулхэм командасына қайта оралды.

БӨЛІСУ

Демпси Фулхэм командасында 2007-2012 жылдар аралығында өнер көрсеткен еді. Команда сапында 225 рет алаңға шығып, 60 доп соққан екен. 2012-2013 жылғы маусым аралығында "Тоттенхэм" командасының жейдесінде де ойын өткізді.

АҚШ  ұлттық құрамасының негізгі ойыншысының еншісінде 101 ойын, 36 доп бар.

"Сүйікті командаңа қайтып оралған қандай керемет! "Фулхэм" мен үшін - Еуропадағы өз  үйім. Мен Ағылшын Премьер Лигасына қайтадан келдім. Фулхэмнің жағдайы қазір қиын екенін білемін және мен өз күшімді салуға барынша тырысамын. Командамның турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға көмектеспекпін", - дейді жартылай қорғаушы.

17 турдан соң "Фулхем" турнир кестесінде 19-шы орында келеді. Келесі кездесуін 26 желтоқсан күні сырт алаңда 14 орында тұрған "Норвич" командасына қарсы өткізбекші.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: theinscribermag.com