Болгар шабуылшысы "Қайратқа" келуі мүмкін

Болгар шабуылшысы "Қайратқа" келуі мүмкін

Болгарияның үздік шабуылшыларының бірі, италиялық "Ювентус", "Парма", ағылшындық "Манчестер Сити" және португалдық "Спортинг" сынды танымал командаларда өнер көрсеткен Валерий Божинов алматылық "Қайрат" командасының сапына ауысып келуі мүмкін.

27 жасар болгар шабуылшысы қазіргі уақытта еркін ойыншы есебінде. Соңғы ойнаған клубы - Италияның Верона командасы. Божинов Болгария ұлттық құрамасында 40 ойын өткізіп, 6 рет мергендігімен көзге түскен.

Қызықты мәлімет, 2009 жылы Божинов "Манчестер Сити" командасында Қайраттың қазіргі бапкері Владимир Вайсстың кіші ұлымен бірге ойнаған.

Қайрат словакиялық бапкермен 2013 жылы ішкі біріншілікте қола жүлдегер атанып, келер жылы Европа Лигасының іріктеу ойындарына қатысуға жолдама алған болатын. Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында Қайрат командасының жаңа ойыншысы болып сербиялық қорғаушы Жарко Маркович танылды.

Валерий Божиновтың клубтық карьерасы:

2002—2005 - Лечче (Италия) - 65 ойын (16 доп)

2005—2006 - Фиорентина (Италия) - 36 (8)

2006—2007 - Ювентус (Италия) - 18 (5)

2007—2010 - Манчестер Сити (Англия) - 11 (1)

2009—2010 - Парма (Италия) - 30 (8)

2010—2011 - Парма (Италия) - 31 (3)

2011 — 2012 - Спортинг (Португалия) - 8 (2)

2012 — Лечче - (Италия) - 10 (1)

2012 — 2013 - Эллас Верона (Италия) 11 (1)

Ұлттық құрама сапында:

2004 —2013 - Болгария - 40 (6)

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mediamax.am

Ш. Талап