Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Нұрбол Жұмасқалиев ел біріншілігінде рекорд орнатты

Нұрбол Жұмасқалиев ел біріншілігінде рекорд орнатты

Нұрбол Жұмасқалиев ел біріншілігінде рекорд орнатты

Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстанның ішкі біріншілігінде рекорд орнатуда. Қостанайлық "Тобылдың" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы осы күні 152 допты қарсылас қақпасына тоғытып келген...

Олег Литвиненконың алты жыл жалғасып келген жеке көрсеткішін (147 гол, 2007 жылы) жаңартты. Өз кезегінде осы бір нәтижелілікке қол жеткізу үшін, Жұмасқалиевке ішкі біріншілікте 13 маусым кеткен. Оның 12 маусымы "Тобыл" сапында. 

"Өзімнің ішкі біріншілікте "Тобылға" соққан алғашқы голым әлі күнге есімде. Сол кезде Талдықорғанда ойын өткізген едік. Өзімнің өсіп-өнген бұрынғы командама гол соққан болатынмын - "Жетісу". Сондағы сезім айтып жеткізгісіз еді", - дейді Жұмасқалиев УЕФА-ның ресми сайтында.

"Ендігі таңда Нұрболдың ізін өкшелеп келе жатқан кімдер?" деген сұраққа келсек, Мұрат Тілешевті айта аламыз. Бір қарағанда, Тілешев өзіне берілген мүмкіндікпен көрінген межені аз уақытта артта қалдырардай көрінген, дегенмен, "Тобылдың" бас жұлдызы бүгінде басып озуда. Ал рекорд орнатқан Олег Литвиненконың өмірден озғанына бірнеше жыл болған.

Нұрболдың Қостанайға қоныс аударуы да бір қызық оқиға. "Жетісу" командасында өнер көрсетіп жүрген жерінен бала талантқа қостанайлық клубтың директоры Халимжан Ержановтің көзі түседі. Бойының кішілігі мен аяқ жарақатына қарамастан, үлкен тәуекелмен Қостанайға алдырады. 

Ержановтың ойлағаны келіп, жас таланттың ойнағаны көпшіліктің көңілінен шығып жүреді. Өзі өнер көрсеткен бірінші маусымда-ақ ол команданың ең үздік ойыншысы атанып, бір маусымда тоғыз доп соғады. Келесі жылы одан артық 12 голды соғып, бар-жоғы 20 жасында Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алады. 

Жылдан-жылға Нұрбол тегеурінді, ақылды, тұрақты ойынымен көзге түсіп, 22 жасында "Тобылдың" капитаны атанады. Көп үмітін қостанайлық клбупен жалғайды.

Жалпы, Жұмасқалиевтің табиғатының өзі махаббатқа тұрақтылығымен тығыз байланысты екен. Онысы, тіпті, мініп жүрген көлігінен көрінетін болыпты. Қостанайға қоныс аударған алғашқы жылдарда ол тоғызыншы үлгідегі "Жигули" көлігінен түспей, бірнеше жыл қатынап жүре берген. Араға жылдары салып барып қана жылдам спорткарларға көшіпті.

Қостанайда оның қолынан бәрі келетін, ойлағаны жүзеге асатын, еш уақытта клуб қатарын ауыстырмайтындай болып көрінетін. Бірнеше рет ресейлік клубтардың қарауында болған - мәскеулік "Спартак" пен "Рубин". Десе де, Жұмасқалиевке өзін толық бақытты сезіну үшін чемпиондық тәж жетіспейтін еді. Ақырында 2010 жылы ол оған да қол жеткізіп, ел біріншілігінің соңғы турларында "Тобылға" жеңіс сыйлайды. Сол ойында Жұмасқалиевтің "Атырау" қақпасына шірене бағыттаған соққысы өз командасына жеңіс әкеледі. Арада бірнеше ай өткенде, сол уақыттағы "Тобылдың" бас бапкері Равил Сәбитпен ортақ тіл табыса алмай, "Локомотив" сапына ауысып кетеді. 

Ел ордасы Астанада жартылай қорғаушы бір команданың ғана өкілі емес екендігін өз ойынымен дәлелдеді. Астанада өткізген бір жыл уақыт ішінде жергілікті "Локомотивтің" көшбасшы ойыншысына айналып, чемпионатта 10 голмен көзге түседі. Алайда, Сәбитов "Тобылдан" кеткен күні, Нұрбол Қостанайға қайта оралады. Қайта оралып, жергілікті жұртшылыққа қайта қуаныш сыйлай бастайды. 

Жұмасқалиев клубта ғана емес, ұлттық құрама сапында да голмен көзге түсті. Қазақстан құрамасының жейдесінде 57 рет ойын өткізіп, алты гол соққан екен.  

Жақын болашақта Жұмасқалиевті қуып жетер ойыншы жоқ. 32 жастағы футболшы бұл межеде тоқтап қалмай, ары қарай өз ойынын жақсартуға тырысатынын жеткізіпті. "Шынына келсек, бұл рекорд жайлы мен бір керемет теңдессіз, қайталанбас ойға берілген емеспін. Бұл көрсеткіштен асып түсетін ойыншылардың болатынына сенемін. Ал әзірше мен өз көрсеткішімді ендігі жылы да жақсартуға мүмкіндік аламын", - дейді 32 жастағы жартылай қорғаушы.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: ru.uefa.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2013, 16:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.