Лондондық дербиде жеңімпаз анықталмады

Лондондық дербиде жеңімпаз анықталмады

Ағылшын біріншілігінің 17-турының орталық кездесуінде «Арсенал» мен «Челси» командалары кездесу өткізді...

Қос қарсылас та өздеріне тән дәстүрлі ойын өрнегін көрсетті. Турнир кестесіндегі көшбасшылыққа болған таласта қос мықтының арасында өткен ойын тең есеппен аяқталды. "Ливерпуль" көрсеткіш нәтижелілігімен бірінші орынға көтерілді - 36 ұпаймен.

Мамандар тарапынан ашық ойын болады деп күтілген болатын. Алайда, Жозенің шәкірттері сырт алаңда өте сақ қимылдап, ойын барысында тәуекелге баруға бел бумады. Ал «Арсеналға» келер болсақ, (өткен турда «Этихадта» (3:6) "Ман Ситиден" ойсырай жеңілген) жаңажылдық мейрам қарсаңында жанкүйерлерін голмен қуанта алмады.

Моуринью мен Венгер мүлдем өзгеше, екі бөлек адамдар. Моуринью еш уақытта бір жерде үш жылдан артық жұмыс істеп көрмеген — Венгер 1996 жылдан бері «Арсеналды» жаттықтырып келеді. Моуриньюді қымбат ойыншыларды сатып алушы ретінде қарастырды — Венгерді көпшілік сараңдығы үшін әлі күнге айыптайды. Моуринью ойын стилінен гөрі, ойын нәтижесін жоғары қоятын бапкер саналады — Венгер ойындағы ұжымдық өзгелікті басты орынға қояды.

Жозе ойын барысында өзіне берілген үш ауысымды да жасап, алаңғы тың ойыншыларды шығарып отырды. Сол арқылы Арсеннің шәкірттеріне жаңа қақпандарын әзірлеумен болды. Өз кезегінде француз маманы тәлімгерлерінің жанқриялығын көре отырып, қосалқы құрамнан ойыншы шығаруды жөн деп таппады.

Бастапқы уақытта "ақсүйектер" есеп ашуға тамаша мүмкіндік алып еді. Азар берген пасқа бұрын жеткен Лэмпард соққы бағыттап үлгеріп, онысы қақпа бағанысына кері серпіліген еді. Одан кейінгі бөлікте Виллиан өткір шабуыл өтіне шыға отырып, Торресті тамаша пастармен қамтамасыз ете алмады.

Ойынның екінші жарты бөлігінде "Арсенал" командасы салқынқанды қимылдап, өз жарты бөліктерінде адымдап жүріп алды. Тек соңғы минуттарда қатарынан бірнеше тамаша мүмкіндіктер келтірілді. Француз шабуылшысы Жиру Петр Чех қорғаған қақпадан саңылау таба алмады.

Ойында есеп ашылмады. «Эмирейтс» төрінде өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Арсенал – Шченсны, Санья, Мертесакер, Вермален, Гиббс, Рэмзи, Артета, Уолкотт, Озил, Росицки, Жиру.

Челси – Чех, Иванович, Кэйхилл, Терри, Аспиликуэта, Оби Микел, Рамирес, Лэмпард, Виллиан (Оскар, 77),Э. Азар (Шюррле, 73), Торрес (Давид Луиз, 87).
Сары қағаз алғандар: Рамирес (64), Уолкотт (66), Росицки (70).

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: fifa12-online.ru

Л. Лига