Касильяс «Реалда» қалуды ұйғарды

О Сансызбай Корреспондент
Касильяс «Реалда» қалуды ұйғарды

Мадридтік «Реал» командасының әйгілі қақпашысы Икер Касильяс клубтан ешқайда ауыспайтыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы goal.com хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

– Мен «Реалда» қалу туралы шешім қабылдадым. Мадридтік клубпен 10-шы Чемпиондар Лигасының биігін бағындырсам деймін. Испан біріншілігі мен Кубогын иеленгім келеді. Күн сайын мен туралы әртүрлі қауесет тарайды. Талай командаға да ауыстырып тастады. Бірақ мен – «Реал» футболшысымын. Мен өз мықтылығым мен шеберлігімді  дәлелдеймін. Ол үшін 5-6 жыл да күте аламын. Сосын көрерміз...

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Испания құрамасының қақпашысына ағылшындық «Арсенал» мен «Манчестер Сити» қызығушылық танытқан болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru