Теміртаулық спортшы әлем рекордын жаңартты

Теміртаулық спортшы әлем рекордын жаңартты

Теміртаулық Татьяна Потемкина Нью-Джерсиде өткен халықаралық турнирде 10 минуттың ішінде 24 келілік кір тасын 170 рет көтеріп, әлемдік жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

АҚШ жерінде өткен халықаралық турнирде 24 келі кір тасын көтеріп әлемдік рекорд орнатқан жерлесімізге АҚШ-та арнайы сертификатпен қатар, халықаралық спорт шебері дәрежесіне берілер ұпай да қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың 23 қарашасында Түменде өткен додада Татьяна Потемкина 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алған болатын. Онда спортшы 26 келілік кір тасын 166 рет көтерген еді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай