Құрбан Бердыев «Рубиннен» кетті

О Сансызбай Корреспондент
Құрбан Бердыев «Рубиннен» кетті

Қазандық «Рубин» командасының бас бапкері Құрбан Бердыев қызметінен босатылды. Бұл туралы Татарстан президенті баспасөз орталығы ақпарат таратты.

БӨЛІСУ

Татарстан президенті Рустам Минниханов 12 жыл «Рубин» тізгінін ұстаған Құрбан Бердыевпен қатар команданың бас директоры Андрей Громов және вице-президенті Камиль Искаковты да жұмыстарынан босатты. Ел басшылығының мұндай қадамға баруы, 19 турдан кейінгі татарстандық команданың көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмауы болып отыр. Еуропа Лигасында ғана өз тобында бірінші орынмен плей-оффқа өтті. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазандық команданың тізгінін енді испандық маман ұстамақ.

Естеріңізге сала кетсек, 2001 жылы «Рубинның» бас бапкері болып тағайындалған Құрбан Бердыев команданы бірінші дивизионнан  жоғарғы лигаға қосты. Екі рет Ресей чемпионы (2008, 2009),  атағын иеленсе, екі рет қола жүлдені (2003, 2010) еншіледі. Ресей Кубогын (2011/12) да ұтып алды. Сонымен қатар, бұл маманның Ресейге жолы түспей тұрып, қазақстандық бірнеше клубтарды да жаттықтырды. Олардың қатарында «Фосфор», «Қайрат» және «Каспий» командалары бар. Кезінде Қазақстанға «өкпелеп» кеткен Құрбан Бердыевтың Қазақстанның жасыл алаңдарына оралып қалуы да ғажап емес.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com