Қанат Ислам жеңісті жолын жалғады

Қанат Ислам жеңісті жолын жалғады

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген жерлесіміз Қанат Ислам рингтегі кезекті жеңісіне жетті. Ол доминикандық Базилио Сильваны техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Доминикан Республикасында өткен шаршы алаңдағы кездесу алтыншы раундта техникалық нокаутпен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Осылайша Қанат Ислам спорттық мансабындағы 14-ші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Осыған дейінгі 15 кездесуде де жеңіске жеткен былғары қолғап шеберіміз бұл жолы жеңісті жолынан жаңылмады. Осы жеңісінен кейін boxrec.com порталының рейтингінде 4 саты жоғарылап, 110-шы орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қанат Исламның әлемдік бокс сериясы (WSB) аясында «Astana Arlans» сапында өнер көрсетуі мүмкін деген де ақпараттар тараған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай