Жылдың үздік шабуылшысы мен легионері анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Жылдың үздік шабуылшысы мен легионері анықталды

Премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізген Қазақстан футбол федерациясы жылдың үздік шабуылшысы мен легионерін анықтады. Бұл туралы pfl.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Сауалнама қорытындысы бойынша 2013 жылғы премьер-лига маусымындағы үздік шабуылшы болып «Шахтер» командасының капитаны Андрей Финонченко танылды. Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы осы маусымда өзін жаңа қырымен таныта білді. Еуропа Лигасында да командасын алға сүйреді. Ал жылдың үздік легионері атағын «Ақтөбе» командасында тер төккен өзбек футболшысы Тимур Кападзе иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін премьер-лигадағы клубтардың бас бапкерлері дауысы бойынша жылдың үздік қақпашысы болып Андрей Сидельников, ал үздік қорғаушы атағын Никола Василевич алса, үздік жартылай қорғаушы болып Рохер Каньяс  танылған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz