Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

Андрей Карпович «Қайратта» ойнауы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Карпович қазіргі таңда алматылық «Қайрат» командасының сапында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүр. Осыған дейін өткен маусымда шымкенттік «Ордабасыда» тер төккен футболшы «Ертіс» немесе «Астана» командаларының бірінде ойнауы мүмкін деген де ақпараттар тараған болатын. Дегенмен Андрей мен «Қайрат» футбол клубы арасында әзірге келесімшарт орнаған жоқ.

Марат Бикмаев «Ақтөбеден» кетті


«Ақтөбе» командасының өзбекстандық шабуылшысы Марат Бикмаев командадан кетті. Бұл туралы өзінің «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

- Өз қолдауларын аямаған жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Чемпион атануымыз – сендердің арқаларыңда. «Ақтөбе» командасымен келісімшартымыз аяқталды. Жарақаттан айыққан соң, қайта ораламын деп ойлаймын. 13-ші секторге үлкен рахмет!!! Көрісеміз мүмкін тағы!! «Ақтөбе» чемпион!!» - деп жазған футболшы.

2012 жылы Владимир Никитенко баптайтын командаға келген өзбекстандық футболшы батысқазақстандық клуб құрамында 21 кездесу өткізді. Ел премьер-лигасының 9-шы тур кездесуі аясындағы «Тобылмен» болған ойында жарақат алып, алаңдағы орнын Сергей Ковальчукқа ауыстырған болатын. Ол осыған дейін «Пахтакор», "Крылья Советов", "Рубин" және "Алания" командалары сапында өнер көрсеткен.

Абдуллаи Диакате «Ордабасымен» жаттығып жүр


Соңғы үш маусымда «Тараз» командасының негізгі құрамында өнер көрсетіп жүрген сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллаи Диакате шымкенттік «Ордабасы» командасымен жаттығу жұмыстарын өткізуде. Ол тараздық команда құрамында 83 кездесу өткізіп, 11 рет қарсылас қақпасының саңылауын таба білді. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Сонымен қатар, «Ордабасы» командасы «Ақжайық» шабуылшысы Павел Черны мен бразилиялық легионер Матеус Энрикеге қызығушылық танытуда.

Ал осыған дейін:

  • «Тобыл» футболшылары оқу-жаттығу жиындарын өткізуде
  • «Астана» командасы жақында ғана бас бапкер тізгінін ұстаған Вадим Абрамовты қызметінен босатты.
  • «Восток» командасы жаттығуларын бастады.
  • Давид Лория жарақатынан айықты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ztgzt.kz

1228 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 18 желтоқсан 2013, 19:01
Пікірлер
+0
18 желтоқсан 2013, 23:00

ФК Ақтөбе алдында үлкен тапсырма тұр, ол ЧЛ топтық кезеңі!!! :cry:

+0
20 желтоқсан 2013, 07:46

қашан??? Қайрат клубында ойнайды екенмін 8-) 8-) 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...