Озил жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Озил жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Лондондық «Арсенал» командасының жартылай қорғаушысы Месут Озил «Манчестер Ситимен» өткізген кездесуден кейінгі қылығы үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

«Канонирлер» кеше Манчестерде жергілікті командадан 6:3 есебімен ойсырай жеңілді. Ойын аяқталысымен Арсен Венгер шәкірттері Лондоннан келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне өз рақметтерін жеткізген болатын. Алайда бұл сәтте Месут командаластарының арасынан табылмаған-ды. Футболшының бұл қылығына команда капитаны Пер Мертазакер де реніш білдірді.

- Өкінішке орай, қызуқандылық салдарынан жанкүйерлеріме рақметімді жеткізбедім. Олар кездесуге ұзақ жол жүріп, көп ақша құртып келгенін білемін. Сондықтан сол қылығым үшін жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын – деді футболшы facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, «Манчестер Сити» осы жеңісінен кейін турнир кестесінің 3-ші сатысына көтерілді. Ал «Арсенал» көшті бастап келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай