Astana Arlans кубалықтарға жеңіліп қалды

Astana Arlans кубалықтарға жеңіліп қалды

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» командасы биылғы маусымдағы төртінші кездесуін кубалық «Cuba Domadores» командасына қарсы өткізуде...

Astana Arlans пен Cuba Domadores командаларының төртінші кездесуінде хорват легионері Хрвое Сеп пен кубалық Хулио Сезар ла Круз жұдырықтасты.

81 келі салмақта өткен кездесу кубалықтың пайдасына 48:46, 48:46, 49:45 есебімен аяқталды. Бұл тұста бір ескеретіні, Хулио Сезар ла Круз әлемнің екі дүркін жеңімпазы саналады.

Соңғы жекпе-жекте 91 келі салмақта өнер көрсететін Филип Хргович кубалық Хосе Анхель Лардуэтпен кездесіп, үшінші бөлікте нокаутқа жіберді.

Сонымен, Astana Arlans - Cuba Domadores командалары кездесуінде кубалықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ертеректе Мирас 52 келі салмақта Херардо Сервантеспен жұдырықтасып, 48-47,48-47,48-47 есебімен жеңсе, қалған екі кездесуде кубалықтар басым түскен еді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: vesti.kz

Л. Лига