«Astana Arlans» vs «Cuba Domadores»

«Astana Arlans» vs «Cuba Domadores»

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» биылғы маусымдағы төртінші кездесуін кубалық «Cuba Domadores» клубымен өткізеді.

Кездесулер Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Шаршы алаңға бес жұп боксшы көтеріледі. Бұл кездесу жерлестеріміз үшін аса маңызды. Маңызды деуіміздің себебі, «Арландар» бокс  әлемінде алар орны бөлек «Куба қабыландарымен» қолғап түйістіргелі отыр. «Бейбітшілік аралының» өкілдері бүгін кіл мықтыларын шаршы алаңға шығармақ. Олардың арасында қазақ жанкүйерлеріне таныс Хулио Сезар Ла Круз пен Лазаро Альварес бар. Қазақстандық команданың құрамында шаршы алаңға Мирас Жақыпов, Жандос Момынов, Бақытжан Қожабеков, Хрвое Сеп және Филипп Хргович шығады. Жекпе-жекке шығатындар құрамы төмендегідей:

52 келі


Мирас Жақыпов – Херардо Сервантес

60 келі


Жандос Момынов – Лазаро Альварес

69 келі


Бақытжан Қожабеков – Ариснойдис Диспейн

81 келі


Хрвое Сеп – Хулио Сезар Ла Круз

+ 91 келі


Филипп Хргович – Хосе Анхель Лардует

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай