«Ақтөбе» УЕФА рейтингінде ел клубтарын бастап тұр

О Сансызбай Корреспондент
«Ақтөбе» УЕФА рейтингінде ел клубтарын бастап тұр

«Шахтер» Еуропа Лигасының топтық кезеңінен аса алмады. Дегенмен Қазақстандағы осы маусымды сәтті өткізген ұжым деп айта аламыз. Ал еліміздің УЕФА рейтингіндегі командалар арасында «Ақтөбе» алда келеді.

БӨЛІСУ

Жаңарған УЕФА рейтингінде соңғы бес маусым қорытындысы бойынша Владимир Никитенко командасы 191-ші сатыда тұр. Еншісінде 8.150 ұпай бар. «Кеншілер» ұжымы 5.400 ұпаймен 246-шы орынға жайғасқан. Ал Қостанайдың «Тобылы» 327-ші орыннан көрініп отыр.

Қазіргі таңда УЕФА рейтингін каталондық «Барселона» бастап келеді. Ал мюнхендік «Бавария» мен мадридтік «Реал» алғашқы үштікті қорытындылап отыр. Рейтингтің толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

УЕФА рейтингі:

1.«Барселона» (Испания) — 141.971

2.«Бавария» (Германия) — 140.099

3.«Реал» (Испания) — 136.971
...
191. «Ақтөбе» (Қазақстан) — 8.150
...
246. «Шахтер» (Қазақстан) — 5.400
...
327. «Тобыл» (Қазақстан) — 3.400
...
348. «Ертіс» (Қазақстан) — 2.900
...
389-390. «Ордабасы» (Қазақстан) — 2.150
...
389-390. «Атырау» (Қазақстан) — 2.150
...
403-405. «Астана» (Қазақстан) — 1.900

403-405. «Жетісу» (Қазақстан) — 1.900

403-405. «Оқжетпес» (Қазақстан) — 1.900.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:diapazon.kz