Салониктегі нәтиже қайталанды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Салониктегі нәтиже қайталанды (видео)

Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы кездесуін "Шахтер" Хайфада жеңіліспен аяқтады. Тағы да қолда тұрған жеңіс сусып кетті. 

БӨЛІСУ

Алғашқы таймдағы қарағандылық команданың ойын жүйесі жанкүйер көңілінен шықты деуге болады. Алаң иелері бірінші болып қауіпті шабуылды бастағанмен, Виктор Кумыков шәкірттері араға уақыт сала кездесудегі басымдығын таныта бастады. Сергей Хижниченко бірнеше сәттерін мүлт жіберді. Арик Бенадо командасы да қарап жатпады. Дегенмен Стас Покатилов өз шеберлігін таныта білді. 40 минутта Евгений Тарасов «Маккаби» айып алаңында қорғаушымен талас кезінде жарақат алды. Оның орнын Рохер Каньяс басты. 44 минутта хайфалық команда қорғаушысы Абукарат өз айып алаңында ойын ережесін бұзды. Алаң иелері қақпасына литвалық төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Колумбиялық жартылай қорғаушы пенальтиден мүлт кетпеді. Есеп 0:1.

Екінші таймды алаң иелері ширақ бастады. Алайда 50 минуттан аса Хижниченкода тамаша мүмкіндік болған. Ал «Шахтер» шабуылшысы өз мүмкіндігін іске асыра алмады. 61 минутта футболсүйер қауым күтпеген жағдай орын алды. Алаң жарығы сөніп, қараңғылық орнады. 8 минутқа созылған алаң электр ақауынан кейін, жарық қайта қайта жанды. 76 минутта бұрыштама добын көтерген «Маккаби» кездесудегі есепті теңестіріп кетті. Араға 8 минут сала ойынға жаңадан кірген Абухазира есепте алаң иелерін алға шығарды. Соңғы минутта Мақсат Байжанов та есепті теңестіруге мүмкіндік болған. Күтпеген мүмкіндікті күтпеген нәтижеге айналдыра алмады. Сонымен Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  алғашқы ойыны Салониктегі кездесу нәтижесі қайталанды. Ол ойында да Рохер Каньяс алғашқы тайм аяқталар тұста пенальти орындап «Шахтерды» алға шығарған еді. Алайда екінші таймда «ПАОК» екі доп соғып, қолдағы жеңісті жұлып алған-ды.

Кездесудегі статистика:

Голдар: 2:1
Доп ұстау басымдығы: 58% — 42%
Барлық соққы: 9 — 20
Дәл соққы: 6 — 9
Қайтарылған соққылар: 4 — 7
Бұрыштама: 4 — 8
Офсайдтар: 6 — 3
Сары қағаз: 2 — 0
Пастар: 395 — 279
Дәл пастар: 292 — 185. 

Қазақ футболының тарихында алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңіне шыққан қарағандылық «Шахтер» командасына алғыс білдіреміз! Келер маусымда да «кеншілер» ұжымынан бұл маусымдағыдан биік белестерді бағындырады деп үміт күтеміз!

Ал "L" тобының көшін "Аз Алкмаар" командасы бастады. Екінші жолдаманы "ПАОК" командасы еншіледі. Қос фаворит арасындағы соңғы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

 "L" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   ПАОК 6 3 3 0 10:6 12
2.   Алкмаар 6 3 3 0 8:4 12
3.   Маккаби Хф     6 1 2 3 6:9 5
4.   Шахтер Кр 6 0 2 4 5:10 2

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz