Марадона «Тоттенхэмды» баптауы мүмкін

Марадона «Тоттенхэмды» баптауы мүмкін

Лондондық «Тоттенхэм» басшылығы бас бапкер Андре Виллаш-Боаштың орнына жаңа бапкер іздестіруде. Команданың бапкер таңдау шеңберінде әйгілі аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадона да бар.

Маусымды керемет деңгейде бастай алмаған команда тағы да бір сәтсіздікке ұшыраса португалдық маман қызметінен кетеді. Аргентиналық баспасөз құралдары өкілдері, Андре Виллаш-Боаш командадан кетсе, «Тоттенхэм» тізгінін Марадона ұстайтынына шүбә келтірмеуде.

Диего Марадона соңғы рет Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль Васл» командасын жаттықтырған болатын. Сонымен қатар 2010 жылы Аргентина құрамасын ширек финалға дейін алып шыққан еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ellada-russia.ru

Ө. Сансызбай