Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еуропа Лигасы. «Маккаби» - «Шахтер»

Еуропа Лигасы. «Маккаби» - «Шахтер»

Еуропа Лигасы. «Маккаби» - «Шахтер»

Бүгін «Шахтер» командасы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы кездесуін өткізеді. Виктор Кумыков шәкірттері Израильде «Маккаби Хайфа» командасымен кездеседі.

Қос ұжым да топтан шығу мүмкіндігінен айырылған. Екі команда да екі ұпайдан бар. Үшінші орын үшін өтетін кездесу десек те болады. Астанада өткен алғашқы 2:2 есебімен аяқталған болатын. Бүгінгі кездесуде алаң иелері фаворит саналуда. «Маккабидің» жеңісіне –1,45 коэффицент, тең ойынға – 4,25 коэффицент, «Шахтер» жеңісіне – 7,88 коэффицент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 1:0 немесе 2:1 болып аяқталуы мүмкін деген болжамдар жасалуда.

Виктор Кумыков, «Шахтер» командасының бас бапкері:

- Еуропа Лигасындағы соңғы ойын да біз үшін маңызды. Дегенмен негізгі құрамдағы ойыншылардың бірнешеуінің алаңға шықпауы мені алаңдатады. Әсіресе Александр Мокиннің жарақат алуы күтпеген оқиға болды. Өзімізге сенімді ойын көрсетеміз деген ойдамын.


Арик Бенадо, «Маккаби» командасының бас бапкері:

- Біз топтан шығу мәселесін ойластырған едік. Алайда екі-ақ ұпай жинадық. Небәрі төрт ғана гол соқтық. Енді бүгін «Шахтермен» үшінші орын үшін ойнағалы отырмыз. Бұл кездесу де біз үшін маңызды. Бүгін ауа-райының жайсыздау болғанына қарамай, көбірек гол соғып, ел мерейін үстем етуге дайынбыз.

Кездесу алдындағы «Маккаби» құрамы: Амир Эдри, Эльяд Габай, Эдин Цоцалич, Андрей Пилявский, Декель Кейнан, Талеб Tватха, Ран Абукрат, Шломи Азулай, Идан Веред, Сантьяго Солелих (Дино Ндлову) және Шимон Абухазира (Алон Турджеман).

"Кирьят-Элиазер"стадионында өтетін кездесуге литвалық төреші Гедиминас Мажейко бастаған қазылар жұбы төрелік жасайды. Оған Витаутас Шимкус пен Саулюс Дирда көмектессе, қақпа алдындағы қарбаласты Сергей Слива мен Нериюс Дунаускас қадағалайтын болады. Тағы бір ескере кететін жайт, Израилдің Хайфа қаласында кеше күні бойы жаңбыр жауды. Бүгін де жауын-шашын жалғасуда. Сол себепті «Маккаби» футбол клубының өкілдері кездесуді кейінгі қалдыруды да ойлауда. Дегенмен бұл туралы нақты бір шешім әлі шыққан жоқ.

Жоспарға сай «Маккаби» мен «Шахтер» арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат түнгі 02:00-де басталады. Кездесуді «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге жанкүйер болайық!

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vk.com

Қосылған күні: 12 желтоқсан 2013, 18:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.