Чемпиондар Лигасында төрт бірдей неміс командасы

Ла Лига Корреспондент
Чемпиондар Лигасында төрт бірдей неміс командасы

Футбол тарихында бірінші рет төрт бірдей неміс клубы Чемпиондар Лигасының финалдық бөлігіне өтті, деп жазады Bild.

БӨЛІСУ

Естеріңізге тағы бір сала өтсек, дортмундық «Боруссия» мен мюнхендік «Бавария» командалары өз топтарынан бірінші орынмен шықса, гельзенкирхендік «Шальке» мен леверкузендік «Байер» командалары екінші орынмен екінші кезеңге өткен болатын. 

Чемпиондар Лигасының финалдық бөлігінің жеребе тарту рәсімі 16 желтоқсан күні өтпек. 1/8 финалда бір елдің атынан қатысып отырған және бір топтан шыққан клубтар бір-бірімен ойнай алмайды. 

Бірінші қоржын: «Манчестер Юнайтед», «Реал», ПСЖ, «Бавария», «Челси», «Боруссия», «Атлетико», «Барселона».

Екінші қоржын: «Байер», «Галатасарай», «Олимпиакос», «Манчестер Сити», «Шальке», «Арсенал», «Милан», «Зенит».

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: bbc.co.uk