Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең аяқталды

Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең аяқталды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары аяқталды. Плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды.

«Н» тобы


«Милан» (Италия) 0 – 0 «Аякс» (Голландия)

Өз алаңында Кака бастаған жігіттер «Аяксты» жеңе алмады. Қос команда арасындағы кездесуде есеп ашылмады.

«Барселона» (Испания) 6 – 1 «Селтик» (Шотландия)


Каталондық «Барселона» Мессисіз де керемет өнер көрсете алатынын бір дәлелдеді. Ойында Неймар хет-трик авторы атанса, Пике, Тельо және Педро еншілеріне бір-бір доптан жазды. Ал «Селтик» сапынан жалғыз допты Самарас соқты. Шотландиялық ұжым осылайша еурокубок жолындағы тартысты аяқтады.

"H" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Барселона    6 4 1 1 16:5 13
2.   Милан 6 2 3 1 8:5 9
3.   Аякс 6 2 2 2 5:8 8
4.   Селтик 6 1 0 5 3:14 3

«G» тобы


«Атлетико» (Испания) 2– 0 «Порту» (Португалия)

«Портуға» жеңіс ауадай қажет еді. Дегенмен испандық команда азуын батырды. Екі бірдей жауапсыз допты қонақтар қақпасына тоғытып, португалдық команданы Еуропа Лигасында бақ сынауына жол ашты.

«Аустрия» (Аустрия) 4 – 1 «Зенит» (Ресей)

Көпшілік «Зенит» жеңіске жетеді деп күткен еді. Алғаш болып есеп ашқанымен, ойында жеңіліске ұшырады.

"G" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Атлетико М     6 5 1 0 15:3 16
2.   Зенит 6 1 3 2 5:9 6
3.   Порту 6 1 2 3 4:7 5
4.   Аустрия В 6 1 2 3 5:10 5

«F» тобы


«Наполи» (Италия) 2 – 0 «Арсенал» (Англия)

Неапольдық команда өз алаңында лондондық «Арсеналды» тізе бүктірді. Есеп 2:0. Егер тағы бір гол соғар болса,плей-оффқа сүрінбей өтер еді.

«Марсель» (Франция) 1 – 2  «Боруссия» (Дортмунд, Германия)

Топтық кезеңнің ең төменгі нәтижесін «Марсель көрсетті. Олар топтық кезеңде бірде бір ұпай жинай алмады.

 "F" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Боруссия Д    6 4 0 2 11:6 12
2.   Арсенал 6 4 0 2 8:5 12
3.   Наполи 6 4 0 2 10:9 12
4.   Марсель 6 0 0 6 5:14 0

«Е» тобы


«Шальке» (Германия) 2 – 0 «Базель» (Швейцария)

Швейцариялық команданың футболшысының алаңнан қуылуы – гельзенкирхендік ұжымның жеңіске жетуіне өз септігін тигізді.

«Челси» (Англия) 1 – 0 «Стяуа» (Румыния) 


Жозе Моуринью командасынан жанкүйерлер алғашқы кездесудегідей үлкен есеп айырмасын күткен еді. Бірақ бұл жолы ойынды жалғыз автогол шешті.

"E" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Челси 6 4 0 2 12:3 12
2.   Шальке-04     6 3 1 2 6:6 10
3.   Базель 6 2 2 2 5:6 8
4.   Стяуа 6 0 3 3 2:10 3

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай