Снейдер "Галатасарайға" жеңіс сыйлады

Снейдер "Галатасарайға" жеңіс сыйлады

Чемпиондар Лигасының «В» тобындағы «Галатасарай» мен «Ювентус» арасындағы шешуші кездесу жаңа ғана аяқталды. Уэсли Снейдер 85 минутта Буффон қақпасының саңылауын тауып, «Ювентусты» жарыс жолынан шығарды.

Кеше өтуі тиіс болған кездесу Стамбулдағы ауа-райының тосын сыйынан кейін тоқтатылған еді. УЕФА шешімі бойынша 31 минутта тоқтатылған кездесу сол уақыттан бастап жалғасты. Роберто Манчини шәкірттері жеңіс үшін ойнайтынын алаңда дәлелдеп-ақ бақты. Бар күшін соңғы минуттарға сақтап жүргендей де сезілді. Ойын Умут Булуттың алаңға кіруімен жандана түсті. 85 минутта Уэсли Снейдер Дрогваның баспен асырған керемет пасынан кейін кездесудегі жеңіс голын соғып, «Галатасарайды» плей-офф кезеңіне алып шықты. Одан кейінгі сәттерде де Дрогва бірнеше мүмкіндік тудырды. Алайда бағытталған соққы өз нәтижесін бермеді. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com

Ө. Сансызбай