Каньяс Украинада доп тебеді

Каньяс Украинада доп тебеді

Қарағандылық «Шахтер» командасының колумбиялық жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс донецкілік «Металлург» командасымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

Әзірге футболшы мен команда арасындағы келісімшарттың мерзімі белгісіз. Бірақ футболшының жалақысы «кеншілер» ұжымындағы қаржыдан жоғары екені анық.

Роджер Каньяс «Шахтер» командасында өнер көрсеткенге дейін, «Индепендьенте Медельин» (Колумбия), «Транзит» (Латвия), «Сібір» (Ресей) және «Ягеллония» (Польша) клубтарының сапында ойнаған. Бұл маусымдағы Еуропа Лигасында өзін тамаша қырымен көрсете білді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:ru.uefa.com

Ө. Сансызбай