Үздіктер іріктеліп шықты

Үздіктер іріктеліп шықты

Жаңа ғана «Алтын доптан» үміткер 3 футболшының есімдері белгілі болды. Олар: Роналду, Месси және Рибери.

Қазан айының соңына қарай ФИФА «Алтын доптан» үміткер 23 футболшының тізімін жариялаған болатын. Бүгін сол қатардан аталған үш футболшы өзгелерден жоғары дауыс жинап, оза шапты. 

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ференц Пушкаш атындағы cыйлыққа үміткерлер тізімінде Златан Ибрагимович (ПСЖ), Неманья Матич (Бенфика) және Неймар (Барселона) голдары үздік үштікті бастап шықты.

Ал жылдың үздік бапкерінен Юрген Клопп («Боруссия Д»), Юпп Хайнкес («Бавария») және «қызыл сойқандардың» экс-бапкері сэр Алекс Фергюсон үмітті.

Футболдағы 2013 жылдың мәртебелі атақтарының иегерлері 13 қаңтар күні Цюрих қаласындағы салтанатты кеште анықталатын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:ru.uefa.org

Ө. Сансызбай