Хопкинс Шүменовты шаршы алаңға шақырды

О Сансызбай Корреспондент
Хопкинс Шүменовты шаршы алаңға шақырды

Орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша супер-чемпион жерлесіміз Бейбіт Шүменовтың қарсыласы осы салмақтағы IBF чемпионы америкалық Бернард Хопкинс болуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Вконтактідегі жеке парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

- Мен қазіргі таңда IBF белбеуінің иегерімін, және азулы қарсыласпын да. Стивенсон және Ковалевпен жұдырық түйістіргім келеді. Бірақ бұл әзірге мүмкін емес. Сондықтан Бейбіт Шүменовпен кездесу өткізгенді дұрыс деп шештім. Ол менімен жұдырықтасуды қаласа, келісімшартқа қол қоятын боламыз, – деді әйгілі чемпион.

Естеріңізге сала кетсек, 30 жастағы жерлесіміз Бейбіт Шүменов осы сенбіде АҚШ-та словак Тамаш Ковачпен шаршы алаңда жекпе-жек өткізеді. Ал 48 жастағы Бернард Хопкинс соңғы кездесуін 26 қазан күні неміс Каро Муратаға қарсы өткізіп, ұпай айырмашылығымен басым түскен болатын. Сонымен қатар, қазіргі таңда бокс тарихындағы жасы ең үлкен чемпион да саналады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com