"Реал" Суарестің соңына түспек

О Сансызбай Корреспондент
"Реал" Суарестің соңына түспек

Мадридтік «Реал» футбол клубы алдағы қысқы ауысымда «Ливерпуль» шабуылшысы Луис Суаресті команда қатарына қосуға талпынып көрмек.

БӨЛІСУ

«Корольдік клуб» 27 жастағы уругвайлық футболшыға 60 миллион фунт стерлинг (72,2 миллион доллар) ұсынуға дайын. Алайда ливерпульдік команда Луис Суаресті осы жазда «Реал» сапын толықтырған Гарет Бэйлдан төмен бағалағысы келмей отыр. Сонымен қатар, клуб басшылығы мен жанкүйерлер шабуылшының команда ауыстыруына аса қатты құлық танытпауда.

Естеріңізге сала кетсек, осы жазда лондондық «Арсенал» Суарес үшін келісімдер жүргізіп көрген болатын. Дегенмен уругвайлық футболшы «Ливерпульде» қалатынын қалаған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: soccernews.in.th