«Astana Arlans» vs «Mexico Guerreros»

«Astana Arlans» vs «Mexico Guerreros»

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» биылғы маусымдағы үшінші кездесуін өткізеді. Қарсылас - «Mexico Guerreros».

Кездесулер Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Кездесулерді "KazSport" арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Шаршы алаңға бес жұп боксшы көтеріледі. Қазақстандық команданың құрамында шаршы алаңға Мардан Берікбаев, Мейірболат Тойтов, Жәнібек Әжібай, Сергей Деревянченко және Василий Левит шығады. Жекпе-жекке шығатындар құрамы төмендегідей:

Мардан Берікбаев vs Жозе Альберто Залета Рейес

Мейірболат Тойтов vs Серхио Санчес

Жәнібек Әжібай vs Кристиан Виельма

Сергей Деревянченко vs Диего де Жезус Морендо Амадор

Василий Левит vs Кристиан Демаж

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Astana Arlans» екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтаған болатын. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportinfo.kz

Ө. Сансызбай